Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саясаты
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
Қауіпсіздік — біздің басты басымдығымыз:
Біз өндірістік және экономикалық нәтижелерге қол жеткізу үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеміз. Asia Trans KZ компаниясының барлық басшылары жеке үлгісімен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың барлық қағидалары мен рәсімдерінің орындалуын белсенді қолдайды және барлық қызметкерлер үшін қауіпсіз әрі салауатты жұмыс ортасын құруға тікелей жауапты.
Басқару жүйесін жетілдіру:
Біз озық жұмыс әдістері мен бағдарламаларды енгізу арқылы басқару жүйесін үздіксіз жетілдіреміз. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жүйенің жұмыс істеуі тұрақты бағаланады, соның негізінде нәтижелерді жақсарту және қолданыстағы шаралардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі мақсаттар мен міндеттер айқындалады.
Жарақаттар мен авариялардың алдын алу:
Біз қауіп-қатерлерді белсенді түрде айқындаймыз және құжаттаймыз, тәуекелдерді бағалаймыз әрі жарақаттар мен авариялардың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдаймыз. Asia Trans KZ компаниясының әрбір қызметкері өзінің денсаулығы мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ әріптестерінің, клиенттер мен мердігерлердің қауіпсіздігіне жауапты. Біз орын алған оқиғаларды ғана емес, орын ала жаздаған оқиғаларды да тіркейміз.
Кәсіби даярлық және оқыту:
Біз қауіпсіз мінез-құлықты әрбір қызметкердің негізгі қасиеті деп санаймыз. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында кәсіби даярлауға және оқытуға ерекше көңіл бөлеміз. Тұрақты оқу бағдарламалары білім мен дағдылар деңгейін арттыруға, жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың туындау қаупін төмендетуге көмектеседі.
Стандарттарды тұрақты жаңарту:
Біз еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы стандарттар мен нормативтердің өзгерістері мен дамуын қадағалаймыз. Саясаттарымыз бен рәсімдерімізді соңғы стандарттар мен үздік тәжірибелерге сай болатындай жаңартып отырамыз. Сондай-ақ мердігер ұйымдардан осы талаптарды сақтауды талап етеміз.
Қауіпсіздік мәдениеті:
Біз әрбір қызметкер өзінің және айналасындағылардың әл-ауқаты үшін жауапкершілігін түсінетін қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ұмтыламыз. Қауіпсіз орта мен әріптестердің денсаулығына қамқорлық жасауға ықпал ететін тәжірибелер мен бастамаларды қолдаймыз және ынталандырамыз.
Оқиғаларды тергеп-тексеру жүйесі:
Біз оқиғалар мен инциденттердің түпкі себептерін анықтап, олардың болашақта қайталануын болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік беретін тергеп-тексеру жүйесін қолдаймыз.
Қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық:
Тәжірибе мен білім алмасу, салалық стандарттарды дамытуға қатысу мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық ұйымдармен, мамандармен және сарапшылармен белсенді ынтымақтасамыз.
Саясаттың орындалуына жауапты:
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бағытына жауапты тұлға.
Қарау және жаңарту:
Саясат заңнамадағы өзгерістер мен Компанияның қажеттіліктерін ескере отырып, тұрақты түрде қаралады және қажет болған жағдайда жаңартылады.
