Алкоголь мен есірткі қолдануға қарсы іс-қимыл саясаты
Алкоголь мен есірткі қолдануға қарсы іс-қимыл саясаты
Алкоголь мен есірткіні қолдануға тыйым салу: Біз жұмыс орнында, жұмыс уақытында, соның ішінде үзілістер мен түскі ас уақытында алкоголь мен есірткі заттарын қолдануға қатаң тыйым саламыз. Компания аумағында алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болуға мүлде жол берілмейді.
Қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығына қамқорлық: Біз барлық қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі мен денсаулығына қамқорлық жасаймыз. Осыған байланысты алкогольдік ішімдіктер мен есірткі заттарының ықпалынан таза жұмыс ортасын құру үшін жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз.
Тәртіптік шаралар: Саясат бұзылған жағдайда ескерту, жұмыстан шеттету немесе төтенше жағдайларда еңбек шартын тоқтату сияқты тиісті тәртіптік шаралар қолданылады. Біз осы Саясаттың қатаң сақталуын талап етеміз және бұл жұмыс ортасының қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді деп санаймыз.
Бұзушылықтар туралы хабарлау міндеті: Барлық қызметкерлер жұмыс орнында әріптестерінің алкоголь немесе есірткі қолдануына қатысты кез келген күдік не факт туралы басшылыққа дереу хабарлауға міндетті. Біз қауіпсіз және жауапты жұмыс ортасын қамтамасыз ету үшін ынтымақтастық пен өзара қолдауға шақырамыз.
Есірткі мен алкогольге тестілеу: Asia Trans KZ Компаниясы қауіпсіздікті және осы Саясатқа сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлердің ағзасында алкогольдің болуына кездейсоқ немесе негізделген тестілеу, сондай-ақ есірткі заттарына тексеру жүргізуге құқылы.
Мердігер ұйымдардың жауапкершілігі: Компания аумағында жұмыс істейтін барлық мердігер ұйымдар жұмыс орындау кезінде алкоголь мен есірткі заттарын қолдануға тыйымды сақтауға міндетті. Мұндай ұйымдар алкоголь мен есірткіге қатысты ішкі саясаты мен тиісті іс-шараларының бар екенін растауы тиіс.
Қызметкерлерді қолдау және емдеу: Біз қызметкерлерімізді бағалаймыз және алкогольге немесе есірткіге тәуелділік проблемасына тап болған адамдарға қолдау көрсетуге дайынбыз. Компания көмекке мұқтаж адамдарға медициналық көмек пен емдеу бағдарламаларына қолжетімділік береді және көмекке жүгінген кездегі құпиялылықты қамтамасыз етеді.
Саясаттың орындалуына ТЗ бағытына жауапты тұлға жауап береді.
Қарау және жаңарту: Саясат заңнамадағы өзгерістер мен Компания қажеттіліктерін ескере отырып, тұрақты түрде қаралады және қажет болған жағдайда жаңартылады.
